«BioGame Studio: Биология пәніне арналған Кешенді Интерактивті Оқу Платформасы» – жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған биология курсының мазмұнына сәйкестендірілген, оқу процесін цифрландыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік кешен.
Платформа 9-сынып биология оқулығы (Асанов Н., Соловьева А., Ибраимова Б. Алматы: Атамура, 2019. 272 бет) негізінде 16 бөлімнен және 61 тақырыптан тұратын сабақтар жүйесін қамтиды. Әр бөлім оқу материалын жүйелі түрде меңгеруге, ғылыми түсіндірмелермен, тәжірибелік әрекеттермен және интерактивтік тапсырмалармен үйлестіріле отырып құрастырылған.
Мазмұн тірі ағзалардың құрылымы мен қызметі, жасушалық деңгейден экожүйелерге дейінгі процестер, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, экология негіздері және адам денсаулығы сияқты негізгі биологиялық бағыттарды қамтиды. Платформа оқушыларға биологиялық құбылыстарды түсінуге, зерттеу және тәжірибе жасау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ табиғаттағы өзара байланыстар мен бейімделуді ғылыми тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік береді.