«BioGame Studio: Биология пәніне арналған Кешенді Интерактивті Оқу Платформасы» – жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныбына арналған биология курсының мазмұнына сәйкестендірілген, оқу процесін цифрландыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік кешен.
Платформа 7-сынып биология оқулығындағы (А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж. О. Алина. Алматы: Атамұра, 2025. 256 бет) оқу мазмұнының логикалық құрылымына сәйкес 12 бөлімнен және 63 тақырыптан тұратын сабақтар жүйесімен қамтамасыз етілген. Әр сабақ оқулықтағы білім мазмұны мен күтілетін нәтижелерді ескере отырып құрастырылған.
BioGame Studio 7-сынып биология курсының мазмұнын қамтып, жасушалық деңгейден экожүйелерге дейінгі биологиялық құрылымды, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ерекшеліктерін, адам ағзасының жүйелерін және экология негіздерін ғылыми тұрғыда түсіндіруге бағыттайды.