«BioGame Studio: Биология пәніне арналған Кешенді Интерактивті Оқу Платформасы» – 7–9 сыныптарға арналған биология оқулықтарының мазмұнына сәйкестендірілген, оқу процесін цифрландыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік кешен. Платформа биология пәнінің негізгі ұғымдары мен процестерін оқушыларға ғылыми тұрғыдан түсіндіруді қамтамасыз етіп, оқу материалын меңгертудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, платформа мұғалімдерге оқу процесін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару үшін ғылыми-әдістемелік қолдау көрсететін құрал ретінде қызмет атқарады.
Оқу мазмұны теориялық түсіндірулер, тәжірибелік жұмыс үлгілері, зертханалық тапсырмалар, модельдеу элементтері, тақырыптық интерактивтер, бағалау тапсырмалары, үй жұмысы және рефлексия компоненттері арқылы жүйеленген. Мұндай құрылым оқушылардың биологиялық құбылыстарды жан-жақты түсінуіне, зерттеушілік және практикалық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ пән бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Платформа оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес білім беру үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негізделген әдістерін ұсына отырып, биология пәнін оқытуды жетілдірудің инновациялық құралы ретінде қызмет атқарады.